"Тобыл" соңғы минуттарда жеңісті уысынан шығарып алды

253

"Тобыл" мен "Жетісу" тең тарқасты.

"Тобыл" соңғы минуттарда жеңісті уысынан шығарып алды Фото: Тобыл ФК

Матчтың бірінші таймы голсыз аяқталды. Кездесу екінші таймда қыза түсті.

58-минутта сербиялық шабуылшы Урош Милованович талдықорғандықтардың айып алаңында әуеде допқа бірінші жетіп, есеп ашты. Екі минуттан кейін Жаслан Жұмашев "Жетісу" қақпасына екінші допты соғып, алаң иелерінің басымдығын арттырды.

Талдықорғандықтар 67-минутта Мәди Жақыпбаевтың голының арқасында есеп айырмасын қысқартты. Ал 90+8-минутта қонақтардың капитаны Серікжан Мұжықов пенальтиден дәл соққы жасап, командасын жеңілістен құтқарды – 2:2.

Осылайша, "Тобыл" ҚПЛ-2026 маусымындағы алғашқы жеңісін соңғы минуттарда уысынан шығарып алды. Бірінші турда қостанайлықтар сырт алаңда "Ақтөбеден" 1:4 есебімен жеңілген еді.

Ал "Жетісу" жаңа маусымдағы алғашқы ұпайын иеленді. Бірінші турда жетісулықтар сырт алаңда "Астанадан" 1:4 есебімен ұтылған болатын.

Үшінші турда "Тобыл" 20 наурыз күні сырт алаңда "Астанамен" ойнайды. Ал "Жетісу" 21 наурызда "Қайратпен" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу