"Тобылдың" виза мәселесі шешілді

853

"Тобыл" мен "Виктория" (Пльзен) арасындағы кездесудің жеңімпазы Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

"Тобылдың" виза мәселесі шешілді Фото: Ht.kz

Чехияның "Виктория" (Пльзен) футбол клубы Конференция Лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчы алдында қостанайлық "Тобыл" ойыншыларының визасына қатысты жанжалды жағдайдың шешілуіне байланысты пікір білдірді.

"Тобыл" футболшылары виза ала алмаған жағдайда матчтың өтуі екіталай еді. Команданың негізгі қақпашысы Иван Коновалов, қорғаушы Альберт Габараев, шабуылшы Павел Кириенко (бәрі Ресейден), сондай-ақ беларусьтік жартылай қорғаушы Павел Забелин Чехияға кіруге рұқсат ала алмаған. Оқиға туралы УЕФА (Еуропа футбол қауымдастығы одағы) басшысы Александр Чеферинге хабарланған болатын.

Кейінірек Тобыл ойыншылары Чехияға виза алып, команда орналасқан жерге ұшып барды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жағдай үкіметтің араласуынан кейін реттелді.

"Біз ылғи да "Тобылға" барлық қажетті көмекті көрсетіп жүрдік және шешім мүмкіндігінше тезірек қабылдануы үшін барлық мүдделі тараптармен байланыста болдық. Матчты асыға күтеміз. Бейсенбіде жанкүйерлер көп болатынына және осы маңызды ойында бізді қолдауға келеді сенеміз", - делінген чехиялық клубтың хабарламасында.

Бұдан бөлек кеше "Тобылдың" тағы төрт ойыншысы мен фитнес-бапкері Шенген визасын алғаны белгілі болды.

""Тобыл" ойыншылары Иван Коновалов, Павел Киреенко, Альберт Габараев және Павел Забелин және фитнес-бапкер Евгений Кресик Шенген визаларын алды. Жақын арада футболшылар Чехияның Пльзень қаласына келіп, командаға қосылады. 31 тамызда қостанайлықтар Конференция лигасының плей-офф кезеңі аясында "Викторияға" қарсы матч өткізеді", - деп жазды Тобыл ФК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қостанайда өткен бірінші ойын 2:1 есебімен қонақтардың минималды жеңісімен аяқталды. Ал екі кездесудің қорпытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. "Виктория" - "Тобыл" арасындағы қарымта кездесу 31 тамызда Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу