Тоқаев: Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жоқ, мұнайлы елімізде битум да жоқ

1884

Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.  

Тоқаев: Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жоқ, мұнайлы елімізде битум да жоқ

Мұндай сөзді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек", – дейді ол. 

"Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Жалпы ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды", – деді Тоқаев. 

Сондай-ақ дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетінін жеткізді.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу