Тоқаев: Біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек

645

Президент қазақстандықтарға Жолдау арнады. 

Тоқаев: Біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек

Еліміздің экономикалық серпіліс жасауға толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз. Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде", - деді Президент өз Жолдауында.

Мемлекет басшысының сөзінше, бүгінгі таңда технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. 

"Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет", - деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаев басты мақсат қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу