"Ел дәулетінің жартысынан астамы 162 адамның ғана қолында"

2629

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында олардың біраз нәрсе жоғалтуы мүмкін екенін ескертті. Өйткені халықтың табысы төмендеп, байлар мен кедейлердің арасы тым алшақтап кеткен, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Ел дәулетінің жартысынан астамы 162 адамның ғана қолында"

"Елде болған оқиғалар жылдар бойы жинақталған проблемалардың бетін ашты. Бізге Қазақстан азаматтарының мүдделеріне сай келетін нақты реформалар қажет. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық қолайсыз деңгейге жетті", – деді президент.

Оның айтуынша, халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды. 

"Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда KPMG, Қазақстан дәулетінің жартысынан астамы 162 адамның қолында, ал Қазақстан халқының жартысында ай сайынғы табыс 50 мың теңгеден аспайды деп көрсетті. Мұндай ақшаға, әрине, өмір сүру мүмкін емес", – деді Тоқаев. 

Ол "мұндай стратификация мен теңсіздік қауіпті" деп қайталады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін және бизнестің қолайлы жағдайларын жасағаннан кейін кәсіпкерлік тапты қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басты назарында болғанын, салық жеңілдіктері, преференциялар, қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ұсынылғанын, экономикалық модель бизнестің дамуына мүмкіндік бергенін атап өтті.

Бұл жоспар көп жағдайда іске асты, бірақ толық көлемде күтілген нәтижеге жетпедік.

"2020 жылы ұлттық табыс құрылымында ең жоғары кіріс бизнеске тиесілі болды. Яғни 61,5% болды. Ал салықтардың үлесі 7,3%, қалғаны қазақстандықтардың жалақысы еді. Бұл өте аз. Мысалы, Ресейде экономика құрылымы біхбен ұқсас болса да, 46,7 пайызы еңбекақы төлеуге кетеді. Біздікінен 1,5 есе артық", – деді Тоқаев.

Президент "ұлттық табысты әділ бөлуде проблема бар" екенін атап өтті.

"Жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек. Бұл құрметті кәсіпкерлер, көбіне сіздерге байланысты", – деген Тоқаев ендігі жаңа экономикалық саясаттың принциптері "адал бәсекелестік, қабылданған шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі" дегенді айтты.

Тасқын Болатұлы