Тоқаев Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

3820

Президент оның әзіліне лайықты баға бергенін айтты.

Тоқаев Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді Фото: akorda.kz

"Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне жоғары баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, осыған дейін Беларусь басшысы Қазақстанды Ресей мен Беларусь одағына кіруге шақырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу