Токио Олимпиадасы: ҰОК қазақстандықтарды жеңістен үміт үзбеуге шақырды

1402

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов қазақстандық жанкүйелерді жеңістен үміт үзбеуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Токио Олимпиадасы: ҰОК қазақстандықтарды жеңістен үміт үзбеуге шақырды

Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының директоры Токио Олимпиасында қазақстандық спортшылар коронавирус жұқтырмағанын атап өтті.

"Бұл дүбірлі дода өткен ойындармен салыстырғанда ерекше жағдайда өтіп жатқанын білесіздер. Коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада қалашығында Ұйымдастыру комитеті қатаң ережелерді бекітті. Қазақстан Ұлттық құрамасындағы ойыншылар, делегация мүшелері бұл талаптарды қатаң сақтап жүр. Бүгінде ұлттық құрамада ешкім  коронавируст жұқтырған жоқ", деді Елсияр Қанағатов.

Оның айтуынша, спортшылар мен делегация мүшелері карантин талабын барынша сақтап жүр.

"Олар көп адам жиналатын жерге бармайды. Спортшылардан жаттығуға, жарысқа және тамақтануға барып, өз бөлмелерінде ұйықтауды талап етіп отырмыз",– деді директор.

Сондай-ақ бүгін жарыс жолына Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова бастаған жеңіл атлеттер жарысқа шығатынына тоқталып, 100 метрге жүгір іріктеу сайысына Ольга Сафронова қатысса, Үш аттап секіруде Мария Овчинникова, Ирина Эктова, Ольга Рыпакова бағын сынайтынын атап өтті.  

"Қарлысасын жеңуге мүмкіндігі болған"

Елсияр Қанағатов теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичтен (7:6, 4:6, 6:3) жеңіліп қалса да, жақсы ойнағанын жеткізді.

"Оның қарсыласын жеңуге мүмкіндігі болды. Өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Алайда оның жартылай финалға шығуының өзі жетістік болып саналады", – деді Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі. 

Ертең кімдер жарыс жолына шығады?

ҰОК Спорт дирекциясының директоры 31 шілдеде садақ атудан Қазақстан намысын Елфат Абдуллин қорғайтынын жеткізді. Ол ширек финалға шығу үшін бағын сынайды.

"Теннистен Елена Рыбакина украиналық спортшы қарсы ойнайды. Олар үшінші орынға таласады. Сондай-ақ 2 боксшымыз да (Әбілхан Аманқұл 75 келі, Қамшыбек Қоңқабаев +91келі) ширек финалға шығуға бақ сынайды. Бүгінде балуандар жеңіл атлеттер, көркем гимнастшылар, бес сайыс спортшылары Олимпиада қалашығына келіп, жаттығып жатыр", деді Елсияр Қанағатов.

Сондай-ақ каратэден қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетеді деген үміт барын айтты.

"Олар Токио маңындағы Юко қаласында жапон спортшыларымен жаттығып жатыр. 1 тамызда спортшыларымыз Олимпиада қалашағына келеді", – деді.

"Жеңіс әлі алда..."

Елсияр Қанағатов қазақстандық жанкүйелерді жеңістен үміт үзбеуге шақырды.

"Спортшыларымызға қолдау керек. Олардың Олимпиадаға жолдама алуының өзі жетістік. Спортта жеңіліс болады. Оны мамандар біледі. Мысалы, Қазақстан командасы ғана емес, Өзбекстан спортшылары да қарсыластарынан жеңіліп жатыр. Жеңісіміз әлі алда деп үміттенемін. Сондықтан сіздерден қолдау күтеміз", – деп түйіндеді сөзін Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі. 

Айта кетейік, Токио Олимпиодасынан келген қазақстандық спортшылар карантинге жатқызылмайды.  

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда дүбірлі дода 3 қоламен 57-орында.

Көш басында 18 алтын, 9 күміс, 11 қоламен Қытай тұр. Екінші орында Жапония (16 алтын, 4 күміс, 7 қола), үшінші орында АҚШ (14 алтын, 16 күміс, 11 қола).

Дәурен Ерболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу