Томасовтың хет-тригі "Астанаға" жеңіс сыйлады

1817

"Астана" 1-орынға көтерлді.

Томасовтың хет-тригі "Астанаға" жеңіс сыйлады

16-тур аясында "Астана" "Мақтааралды" жеңді. Матч 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов үш гол (60-шы, 73-ші минутта пенальти, 75-минутта) соқты. Ал қазақстандық жартылай қорғаушы Сұлтан Сағынаев 89-минутта кездесудің нүктесін қойды. Осы кездесуден кейін 3 ұпай жинаған елордалық команда турнирлік кестеде көш бастады.

Ал "Қайрат" футбол клубы "Ақжайықты" жеңді. Кездесу Алматыда өтіп, алаң иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. 36-минутта Хосе Канте "Қайратты" алға шығарды. Жеңіске жеткен "Қайрат" турнирлік кестеде алтыншы орынға көтерілді. Қазір 15 кездесуден кейін клубтың еншісінде "Ордабасы" мен "Тараз" секілді 23 ұпай бар. Бұл үш клуб ҚПЛ үздік үштігіне жақындады.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында "Қайраттың" бас журналистердің сауалдарына жауап беріп, ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

"Әр ойын алдында біз барлық кезеңдерді талдаймыз. Қарсыластың кемшіліктері мен өзіміздің артықшылығымызды пайдалануға тырысамыз. Біз сегіздіктің шабуылға көбірек қатысқанын қалаймыз. Мен Үсеновке сенемін, ол жақсы ойнайды. Садыбеков "Қайрат-Мәскеуде" болды. Өзінің интеллектісі мен техникалық тұрғыдан әртүрлі позицияларда, соның ішінде қорғаныста ойнай алады. Сондықтан біз әртүрлі комбинацияларды қолданамыз. Бізге тоғыз ұпай жинау міндеті қойылды. Біз жеті ұпай жинадық және Ойынның сапасы, бізге уақыт керек, біз қалаған 90 минуттың бәрін ойнауға әлі дайын емеспіз. Біз үшін бәрі ойдағыдай болмады. Ойынды көбірек басқарғымыз келеді. Көбірек мүмкіндіктер жасағымыз келеді. Қазір бізде ойынның басқа принциптері бар. Сондықтан уақыт қажет", – деді Кирилл Кекер.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу