Топтық кезеңге бір адым қалды

3666

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта "Фола" командасын сенімді түрде жеңді. Люксембургтегі "Жози Бартель" стадионында өткен матч 1:4 есебімен аяқталды.

Топтық кезеңге бір адым қалды

Ойындағы алғашқы голды алаң иелері соқты. Босниялық футболшы Мирза Мустафич 18-минутта мергендігімен көзге түсті. Бірақ 28 минутта Артур Шушеначев Вагнер Лавтың пасынан кейін таразы басын тең қылды. 37 минутта керісінше, Вагнер Лав Артурдан пас алып, командасын алға шығарды. Алты минуттан кейін Рикарду Алвештің айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Ойынның нүктесін 69-минутта Вагнер Лав қойды. Оның пенальтиден тепкен добын қақпашы қайтармақ түгілі, доптың ұшу бағытын дәл таба алмады.

Айта кетейік, жауапты матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

"Фола" (Эш, Люксембург) – "Қайрат" – 1:4

Голдар: Мирза Муставич 19 – Артур Шушеначев 28, Вагнер Лав 37, 70 (пенальти) Рикарду Алвеш 43

ЕскертулерБруну Фрере 33 – Ян Вороговский 25, Арсен Буранчиев 66, Дино Миканович 76

"Фола": Эммануэл Кабрал (В) – Грегори Грисе, Жилсон Дельгадо, Жюльен Клейн (К), Сильвио Уассьеро – Мирза Мустафич (Ненад Драгович 86), Бруну Фрере (Родриге Дикаба 86), Диогу Пементел – Родригу Паррейра (Идир Бутриф 63), Лукас Коррейя (Майкл Омосанья 73), Готье Карон (Бруну Мендеш 63);

Резерв: Томас Им (В), Эван Перейра (В) – Ленни Коррейя, Гийом Мюра – Тьягу Семеду, Велдин Мухаремович, Боб Симон;

Бас бапкерСебастьен Гранжан.

"Қайрат": Стас Покатилов (В) (К) – Ян Вороговский, Маки Баньяк, Раде Дугалич, Дино Миканович – Арсен Буранчиев (Гулжиігіт Алықұлов 84), Рикарду Алвеш (Сергей Кейлер 75), Камо Оганесян – Вагнер Лав, Артур Шушеначев (Данияр Үсенов 90), Хосе Канте;

Резерв: Темірлан Анарбеков (В)​ – Александр Широбоков, Равиль Ибрагимов – Сағи Әнет, Андрей Ульшин, Еркебұлан Сейдахмет;

Бас бапкер міндетін атқарушыАртем Гавриленко.

ТөрешілерФабиу Верисиму, Педру Алмейда, Педру Мартинш, Антониу Нобре (барлығы – Португалия)

19 тамыз, 2021 – 23:30. Люксембург, Эш-сюр-Альзетт, "Жози Бартель".

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу