Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

168

17 қазақстандық былғары қолғап шебері сары құрлық бәсекесінің ширек финалында сынға түсуде. 

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (70 кг) бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Сабырхан жарысты бірден ширек финалдан бастап, тәжікстандық Шамшер Саидовты 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осы жеңісінің арқасында Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлде алады.

Енді 6 сәуір күні қазақстандық боксшы финалдық жолдама үшін моңғолиялық Бямба-Эрдэнэ Отгонбаатар мен қытайлық Пен Чен Ван арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ бүгін Махмұд Сабырхан да шаршы алаңға шығады. Қазақстан уақытымен 14:00-де отандасымыз Шахзод Мұзафаровпен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу