Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи–Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы ширек финалда Ирак өкілі Али Касим Хамдам Әл-Сарраймен кездесті. Төрехан Сабырхан қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық боксшы кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) мен Наталья Богданова (75 келіге дейін) да Азия ойындарының жартылай финалына шыққан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу