"Торпедо" Ұлыбританияда өтетін Құрлықтық кубокта ел намысын қорғайды

198

Өскемендік клуб 3 қақпашы және 13 алаң ойыншысымен Құрлықтық жарысқа дайындықты бастап кетті. 

"Торпедо" Ұлыбританияда өтетін Құрлықтық кубокта ел намысын қорғайды

Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы биылғы маусымда Құрлықтық кубокқа қатысып, халықаралық аренада ел абыройын қорғайды. Турнир 14 желтоқсанда Ұлыбританияның Ноттингем қаласында басталады. Ойындар екі топқа бөлініп, командалар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша бақ сынайды.

Қазақ клубының қарсыластары топтық кезеңде Францияның "Анже Дакс" және Данияның "Хернинг Блю Фокс" командалары болады. Екінші топта турнир қожайындары – "Ноттингем Пантерс", Польшаның ГКС Катовице және Латвияның "Мого" кездеседі.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар алтын медаль үшін, екінші орын алған командалар қола медаль үшін, ал үшінші орын алғандар 5-орын үшін күш сынасады.

"Торпедо" клубының матч кестесі:

15 қаңтар, 19:30 – "Хернинг Блю Фокс" – "Торпедо"

16 қаңтар, 19:30 – "Торпедо" – "Анже Дакс"

Финалдық кезең:

17 қаңтар, 16:00 – 5-орын үшін матч

17 қаңтар, 20:00 – Қола жүлде үшін матч

18 қаңтар, 00:00 – Финал (Қазақстан уақытымен)

Айта кетейік,  қазіргі чемпион "Арлан" өткен маусымдағы Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіне қатысудан бас тартқан. Сондықтан халықаралық федерация шешімі бойынша Өскеменнің "Торпедо" командасы жарысқа қатысады. Олар күміс медаль жеңімпаздары ретінде еліміздің атынан өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу