Трамп АҚШ-тың әлем чемпионатынан қанша пайда тапқанын айтты

266

160 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.  

Трамп АҚШ-тың әлем чемпионатынан қанша пайда тапқанын айтты Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ел экономикасына тигізген әсеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Америкалық туризм үшін керемет жаз болды. Америкалықтар 300 миллиард мильге жуық қашықтықты артқа тастап, ұлттық саябақтарымызға 78 миллион адам барды, ал миллиондаған адам аспанға көтеріліп, әуе көлігін пайдаланды. Бір ғана әлем чемпионаты экономикамызға 18 миллиард доллардан астам пайда әкеліп, 160 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Саяхат пен туризм дегеніміз жұмыс орындары, инвестициялар және америкалық компаниялар мен жергілікті қауымдастықтарға түсетін миллиардтаған доллар", – деп жазды Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өткен болатын. Америка тарапы турнирдің 78 матчын қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу