Трамп әр тұрғынға 5 мың доллардан беруге уәде етті

Бұл туралы ол Даллас қаласында өткен Республикалық партия съезінде мәлімдеген.   

Трамп әр тұрғынға 5 мың доллардан беруге уәде етті Фото: nefes.com.tr

АҚШ президентінің сөзінше, бұл қараша айындағы аралық сайлауда республикашылдар Конгрестің қос палатасында да бақылауды сақтап қалса жүзеге асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Трамп елдегі әрбір кәмелетке толған азаматқа 5 мың доллардан төленетінін уәде етіп отыр. "Трамп дивиденді" деп аталған бұл төлемдер АҚШ экономикасының жетістіктері арқасында жүзеге асуы мүмкін.

Десе де, оның бір шарты бар. Берілетін қаржы міндетті түрде АҚШ аумағында жұмсалуы тиіс.

АҚШ президенті төлемнің нақты қалай қаржыландырылатынын немесе оны жүзеге асыру тетігін әзірге нақтыламады.

Жаза кетейік, АҚШ-та аралық сайлау 3 қарашада өтеді. Сайлау барысында Өкілдер палатасының барлық 435 орны және Сенаттағы 33 орын қайта сайланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу