Трамп БРИКС-ті қолдайтын елдерге сес көрсетті

566

Бұл туралы Ақ үй басшысы желіде жазды. 

Трамп БРИКС-ті қолдайтын елдерге сес көрсетті Фото: style.rbc.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп БРИКС-тің саясатын қолдайтын елдерге қосымша 10 пайыздық сауда тарифі енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Economic Times-ке сілтеме жасап.  

"БРИКС-тің АҚШ-қа қарсы саясатын қолдаған кез келген елге қосымша 10 пайыздық тариф енгізіледі. Бұл саясатта ешкімге ерекшелік жасалмайды. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рахмет", – деді Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Бразилияда өткен БРИКС саммитінің қатысушылары бірлескен мәлімдемеде "әлемдік сауда мен экономикалық дамуға қауіп төндіретін біржақты тарифтік шараларға" алаңдаушылық білдірген. Құжатта АҚШ-тың атауы тікелей аталмайды.

2009 жылы Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай бейресми БРИК клубын құрды. 2010 жылы ұйымға Оңтүстік Африка Республикасы қосылып, ұйым атауы БРИКС болып өзгерді.

2023 жылы бұған Мысыр, Эфиопия, Иран және Біріккен Араб Әмірліктері де қосылды. 2025 жылдың басында Индонезия да мүшелікке қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу