Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ-тың НАТО-дағы "көптеген одақтасы" Вашингтонға Иранға қарсы әскери операцияға араласқысы келмейтінін ашық білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мені олардың әрекеті таңғалдырмайды, себебі мен әрқашан НАТО-ны "біржақты қозғалыс көшесі" деп санайтынмын. Біз бұл елдерді қорғауға жыл сайын жүздеген миллиард доллар жұмсаймыз, ал олар біз үшін, әсіресе қиын сәтте, ештеңе істемейді, – деп жазды ол.
Сонымен қатар, Трамп АҚШ пен Израиль Иранның әскерін, флотын және әуе күштерін жойып, ел басшылығының барлық дерлік деңгейдегі өкілдерін өлтіргенін тағы да қайталап өтті.
Сол себепті, АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі енді қажет емес.
– Біз ешқашан мұқтаж болған емеспіз! Бұл Жапония, Аустралия немесе Оңтүстік Кореяға да қатысты. Тағы да қайталаймын: Біз ешкімнің көмегіне мұқтаж емеспіз, – деп сөзін нақтылады Трамп.
Бұған дейін Еуроодақ та Ормуз бұғазы мәселесінде Трамптың айтқанына көнбеген еді.