Трамп Иран тарапымен өткен келіссөздерге оң баға берді

346

Кездесу үш сағатқа жуық уақытқа созылған. 

Трамп Иран тарапымен өткен келіссөздерге оң баға берді Фото: REUTERS / Elizabeth Frantz

АҚШ пен Иранның ресми өкілдері сейсенбі күні Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында кездесті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Америка тарапынан келіссөздерге Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер, ал Иран тарапынан Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи қатысқаны белгілі болды. Кездесу Қатар мен Пәкістанның араағайындығымен өтті, деп жазады The New York Times газеті. Ол үш сағатқа жуық уақытқа созылған.

Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Парсы шығанағы елдерінің көшбасшыларымен кездесу барысында Иранмен келісімге келуге "үлкен серпін" бар екенін жеткізді.

"Кездесу өте жақсы өтті", – деп мәлімдеді Трамп. Алайда ол кейінірек кездесуге Иран өкілдерінің "ең жоғары деңгейдегі шенеуніктері қатыспағанын, бірақ алға жылжу бар" екенін атап өтті.

Иранның мемлекеттік басылымдарының мәліметінше, Тегеран келіссөздер кезінде Вашингтонға Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта бастау үшін өз шарттарын ұсынған. Бұған АҚШ тарапынан теңіз блокадасын дереу тоқтату, санкциялар салдарынан бұғатталған барлық ирандық активтерді босату және кез келген әскери әрекеттерді доғару жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу