Трамп Иранға қарсы операция қашан аяқталатынын айтты

269

АҚШ президенті журналистердің сауалына жауап берген. 

Трамп Иранға қарсы операция қашан аяқталатынын айтты Фото: AP Photo / Alex Brandon

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Иранға қарсы АҚШ пен Израиль жүргізіп жатқан әскери операция жақын арада аяқталатынын, бірақ осы аптада емес екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Олай деп ойламаймын. Алайда жуырда аяқталады", – деді Трамп Ақ үйде журналистердің сұрағына берген жауабында.

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операцияны 28 ақпанда бастаған болатын. Иранның ең ірі қалаларына, соның ішінде Тегеранға да соққылар жасалды. Ақ үй өз әрекетін Тегераннан төнген ядролық қауіп-қатермен байланыстырды.

Шабуылдар салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи және елдің тағы бірнеше лауазымды тұлғалары қаза тапты. Иран қарымта жауап ретінде Израильге, сондай-ақ Бахрейн, Иордания, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы аумақтарында орналасқан АҚШ нысандарына қарсы операцияларын бастады.

Айта кету керек, бұған дейін Иранның жаңа рухани көсемі Ресейге жасырын жеткізілді деген ақпарат тарағанын жазғанбыз. Дональд Трамп НАТО-ның Иран мәселесінде АҚШ-ты қолдамаса, оны бұлыңғыр болашақ күтіп тұрғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу