Трамп Иранға жаңа басшыны өзім таңдаймын деп отыр

Ол "Иранға бейбітшілік пен келісімді қолдайтын адам керек, сонда ғана оны АҚШ қолдайды" деп отыр. 

Трамп Иранға жаңа басшыны өзім таңдаймын деп отыр Фото: AP

Трамптың ойынша, өлтірілген рухани көсем Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба лайықты кандидат саналмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ президенті Axios агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Иранның болашағына қатысты жоспарын бөліскен. Ол Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес сияқты елдің жаңа басшысын таңдауға жеке кірісуі қажет екенін де білдірді. 

Трамп Моджтаба Хаменеи ықтимал мұрагер ретінде қарастырылғанымен, оның бұл кандидатурасын қабылдай алмайтынын қатаң ескертті.

Айта кетейік, жыл басында Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті ел президентінің міндетін атқаруға шешім қабылдады. Бұл Дональд Трамптың АҚШ Венесуэланы басқаруды жоспарлап отырғанын айтқан мәлімдемелерінен соң ғана қабылданды.

Наурыз айының алғашқы күні Ислам Республикасының билігі жоғарғы басшы Әли Хаменеидің өлімін ресми растады және елде 40 күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұрынғы жоғары басшы Тегеран орталығындағы резиденциясына жасалған соққыдан кейін өлтірілді. 

Осыдан соң Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі қызметіне тағайындалды. Себебі, 67 жастағы Арафи Аятолла Әли Хаменеидің сенімді адамы еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу