Трамп Израиль мен Иранның бітімге келгенін айтты

496

Келісім бірнеше сағат ішінде күшіне еніп, осылайша 12 күнге созылған соғыс тоқтайды. 

Трамп Израиль мен Иранның бітімге келгенін айтты Фото: cbc.ca

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның атысты толық туралы келісімге келгенін хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

"Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран атысты толық тоқтату туралы келісімге келді. Бұл келісім 12 сағатқа күшінде болады. Кейін соғыс толық аяқталған болып есептеледі", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Оның сөзіне қарағанда атысты бірінші болып Иран тоқтатады, ал 12 сағат өткен соң оған Израиль қосылады.

"24 сағаттан кейін бүкіл әлем 12 күнге созылған соғыстың ресми түрде аяқталғанын атап өтеді. (...) Бұл соғыс жылдарға созылып, Таяу Шығысты күйретуі мүмкін еді. Алайда ондай болған жоқ және ешқашан да болмайды", – деді Дональд Трамп.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Иранның тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдайтынын жазған едік.  Путин Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс қандай жағдайда тоқтайтынын айтты.

G7 елдері Израильді жақтап, Иранның әрекеттерін сынады. Сарапшылар Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу