Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Трамптың айтуынша, Куба ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Елде жанармай тапшылығы байқалып, электр энергиясының жиі өшуі және тұрмыстық қиындықтардың артуы жағдайды күрделендіріп отыр.
"Куба да жақын арада құлайды. Олар келісімге келуге ынталы", – деді Трамп.
Оның пікірінше, мұндай жағдай билікке қысым жасап, саяси өзгерістерге әкелуі мүмкін.
"Мен бұл сәтті 50 жыл күттім", – деп атап өтті ол.
Сарапшылар бұл мәлімдемені нақты болжамнан гөрі саяси пікір ретінде бағалап отыр. Куба билігі бұл сөздерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.