Financial Times басылымының жазуынша, Дженсен Хуангтың Nvidia компаниясының бас директоры лауазымына қайта келуінен кейін компания акциялары қымбаттап, соның арқасында АҚШ президенті Дональд Трамп 15 миллион долларға дейін байып кетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.
Трамптың соңғы қаржы декларациясына сәйкес, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша оның иелігінде Nvidia-ның 370 мыңға жуық акциясы болған. Ол кезде бұл акциялардың құны 85,5 миллион долларға дейін бағаланған. Бұл ретте Ақ үй басшысының соңғы апталарда компания акцияларымен қандай да бір сауда-саттық жүргізгені әзірге белгісіз.
Жеке өміріне қатысты ақпараттан кейін басы дауға қалған Хуанг 12 қарашада отставка кетті. Ол компания басшылығына қайта оралған соң, Nvidia акциялары бірден 30%-дан астам қымбаттады.
"Директорлар кеңесі біз күткен шешімді қабылдады. Менің бұл іске араласуым үлкен рөл атқарды деп есептеймін", – деді Трамп CNBC телеарнасына берген сұхбатында.
АҚШ Сенатындағы демократтар жетекшісі Чак Шумердің сөзінше, оның партиясы Трамп әкімшілігі мен Хуанг тарапынан болуы мүмкін заңбұзушылықтар мен қызмет бабын асыра пайдалану деректерін тергеу үшін барлық өкілеттігін пайдалануға ниетті.
Айта кету керек, бұған дейін NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг қызметіне қайта оралғанын жазғанбыз. Ол күтпеген мәлімдеме жасаған болатын. Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынды.