АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің жеке қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығы бар екенін мойындады. Бірақ ол мұндай ойларды ойламауға тырысатынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"Мен бұл туралы алаңдаймын. Алайда оны ойымнан шығарып тастауым керек. Себебі бұл жұмысымды атқаруға кедергі болады", – деді АҚШ басшысы NBC News телеарнасына берген сұхбатында.
2024 жылы Дональд Трамптың өміріне екі рет қастандық жасалған. Біріншісі шілде айында Пенсильвания штатында өткен сайлауалды митинг кезінде болған. Снайпердің атқан оғы Ақ үй басшысының құлағын жанап өткен.
Екінші оқиға қыркүйек айында Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының маңында болды.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп АҚШ-та аса маңызды минералдардың қоры құрылатынын айтқанын жазғанбыз.