Трамп пен Маск арадағы келіспеушіліктен кейін ақыры жүздесті

578

Олардың бірге отырған суреті желіде тарады. 

Трамп пен Маск арадағы келіспеушіліктен кейін ақыры жүздесті Фото: dzen.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп пен миллиардер Илон Маск арадағы текетірестен кейін алғаш рет жүздесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК басылымына сілтеме жасап.

Олар саяси белсенді Чарли Киркпен қоштасу рәсімінде кездескен. Трамп пен Масктің бірге отырған суреті желіде тарады. 

CNN жазуынша, Ақ үй басшысы мен Tesla иесі аз ғана уақыт сөйлескен, ал Маск үнемі басын изеп отырған. Кейін әңгімеге UFC ұйымының басшысы Дана Уайт та қатысқан. Трамп пен Маск қол алысып, кейін миллиардер мінберден кетіп қалған. 

"Илон келіп амандасты. Меніңше, бәрі ойдағыдай өтті. Біз аздап әңгімелестік", – деді Трамп журналистердің сауалына берген жауабында. 

АҚШ президенті бұрынғы жақтасымен не сөйлескені туралы ашып айтпады. Кейін Илон Маск X әлеуметтік желісінде Трамппен бірге түскен суретін жариялап, оны "Чарли үшін" деген жазба қалдырған.

Ақ үй басшысы және бизнесмен мемлекеттік шығындар мен салықтарға қатысты құжатқа байланысты сөзге келіп қалған болатын. Маск бұл заң жобасын сынға алып, оны қолдамады. 

Айта кету керек, бұған дейін Илон Маск Трамппен бірге жұмыс істемейтінін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу