Трамп пен Путин тағы да телефон арқылы тілдесті

Қос тараптың негізгі тақырыбы Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған. 

Трамп пен Путин тағы да телефон арқылы тілдесті Фото: mk.ru

АҚШ президенті Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесуі өте нәтижелі болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп әңгіменің АҚШ уақыты бойынша таңертең өткенін және ұзаққа созылғанын атап өткен. Ол Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу үшін әлі де шешілуі керек бірнеше күрделі мәселе бар екенін жасырмады. 

Ал Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ тарапы Владимир Путинге Дональд Трамптың Мар-а-Лагода өткен украин делегациясымен келіссөздерінің нәтижелері туралы баяндағанын сөз етті. 

Ушаков Владимир Путиннің америкалық көшбасшыны Украина Қарулы Күштерінің Новгород облысындағы мемлекеттік резиденциясына жасаған дрон шабуылы туралы хабардар еткенін мәлім етті.

Трамп АҚШ Украинаға мұндай шабуылдар үшін қару бермегенін жеткізген. Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский шабуылға қатысы жоқ екенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу