Трамп пен Вэнс Иранмен соғысты тоқтатуға күш салып жатыр

295

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның орынбасары Джей Ди Вэнс Иранмен соғысты тоқтату үшін келіссөз жүргізіп жатыр.

Трамп пен Вэнс Иранмен соғысты тоқтатуға күш салып жатыр Фото: nytimes.com

Бұған дейін екеуінің бұл мәселеге қатысты пікірі екіге бөлінгенімен, қазір соғысты тоқтатудың жолын бірге іздеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Axios басылымының хабарлауынша, Иранға қарсы соғыс ашуды құптамаған Вэнс соңғы екі аптада келіссөздерге белсенді араласа бастаған. Ол күн сайын дерлік Қатар Премьер-министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Танимен, Пәкістан армиясының басшысы Асим Мунирмен және келіссөзге көмектесіп жүрген басқа да адамдармен сөйлеседі. Бұл іске Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнер де атсалысып жатыр.

Екі апта бұрын Вэнс Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаиға хат жазып, АҚШ пен Иранның тікелей келіссөзге қайта отыруын ұсынған. Иран билігінің өкілдері осы хаттан кейін екі ел арасындағы байланыс жандана түскенін айтады.

Қазір АҚШ пен Иран өкілдерін кездестіру мәселесі талқыланып жатыр. Бірақ тараптар кездесудің қашан және қайда өтетінін әлі келіскен жоқ.

Трамп та келіссөздердің нәтижесін күтуге келіскен. Жұма күні ол АҚШ-тың Иранмен сөйлесіп жатқанын растады. Сондай-ақ Қатар әмірімен хабарласып, соғысты тоқтатуға қалай көмектесе алатынын талқылаған. Дегенмен Трамп Иранға қарсы әскери күш қолдану мүмкіндігін әзірге жоққа шығармай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу