Трамп пен Зеленский тағы да кездесті

Қос елдің көшбасшысы Флорида штатында жолыққан. 

Трамп пен Зеленский тағы да кездесті Фото: BBC

Олардың басты мақсаты Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі жоспарды талқылау болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Украина президенті жексенбіде Флорида штатына АҚШ лидерімен кездесу үшін барған.

Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Мар-а-Лаго резиденциясында бір-бірімен сәлемдескеннен соң, БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

Трамп "келісім жасауға алғышарт бар" деп мәлім етіп, Ресей де, Украина да берік әрі тұрақты бейбітшілік орнатуға мүдделі екенін жеткізді. 

Зеленский болса, 20 тармақтан тұратын жоспарды ілгерілетуге қадам жасайтынын, оның аясында аумақтық ымыралар жасау мүмкіндігі де талқыланатынын атап өтті.

Кездесуден соң қос президент Еуропа елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлеспек. Трамп келіссөздерді жалғастыру мақсатында Ресей президенті Владимир Путинге де қоңырау шалады. 

Журналистерге Мар-а-Лаго резиденциясындағы екіжақты кездесу залына қысқа уақытқа ғана кіруге рұқсат берілген. 

Аталған кездесу Дональд Трамп бір ай бұрын алғаш рет ұсынған 28 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарының олқылықтарын жоюды көздеген. Кейіннен Украина бұл құжатты қайта қарады және оны 20 тармаққа дейін қысқартты. Қазіргі уақытта америкалық өкілдер Украинаға да, Ресейге де қолайлы болатын бейбіт келісімді әзірлеуге тырысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу