Трамп президент ретінде үшінші мерзімге сайлануға ниетті

167

Ақ үй басшысы үлкен саясаттан кеткісі келмейтінін аңғартты.

Трамп президент ретінде үшінші мерзімге сайлануға ниетті Фото: AP Photo / Julia Demaree Nikhinson

АҚШ президенті Дональд Трамп Конституциялық шектеулер болмағанда, тағы бір мерзімге президент ретінде сайланғысы келетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мен сайлауға қайта түсер едім, бірақ ережелер өте қатаң", – деді Трамп New York Post газетінің Pod Force One подкастында. 

Fox News телеарнасы осы сұхбаттың үзінділерін көрсетті.  Ақ үй басшысы президенттік лауазымында әлі екі жылы бар екенін еске салды. 

"Бұл уақытта біраз нәрсені жасап үлгеруге болады", – деп атап өтті ол.

Заң бойынша Трамптың президент ретіндегі екінші мерзімі 2029 жылдың қаңтарында аяқталуы тиіс. 1951 жылы қабылданған АҚШ Конституциясының 22-түзетуі лауазымда болуды екі мерзіммен шектейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу