Трамп Путин мен Си Цзиньпиннің саясаттағы тәжірибесі туралы пікірін айтты

Бұл туралы CBS News арнасы мысал келтірді.  

Трамп Путин мен Си Цзиньпиннің саясаттағы тәжірибесі туралы пікірін айтты Фото: РБК

АҚШ президенті Ресей басшысы мен Қытай төрағасын "өте күшті әрі ақылды көшбасшылар" деп сипаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамп сондай-ақ: "Путин мен Си – жеңіл қарауға болмайтын мықты көшбасшылар" деп те пікірін білдірді. 

Оның сөзінше, Путин мен Си Цзиньпин әлемдік саясаттағы тәжірибесі мол, салмақты тұлғалар саналады. Сол себепті, халықаралық қатынастарда мұндай саясаткерлермен байланыс орнату оңай емес. 

– Екеуі де қатал, екеуі де ақылды. Оларға өте байыпты қарау керек, – деп Трамптың сөзін келтіреді CBS News арнасы. 

Осыған дейін Трамп Ресей және Қытаймен диалог жүргізу қажеттігін бірнеше рет айтты. Ол өз әкімшілігі кезінде қос ел басшыларымен кездесулердің оң нәтиже бергенін және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда конструктивті байланыс маңызды екенін атап өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу