Трамп Путин мен Зеленскийдің абыройын бір көтеріп қойды

Ол Украинаның қауіпсіздігіне НАТО-ның кепіл бола алмайтынын нақты айтып отыр.  

Трамп Путин мен Зеленскийдің абыройын бір көтеріп қойды Фото: BBC

Мұндай мәлімдемені Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Трамп өзі президент лауазымында отырған кезде Америка әскері Украинада болмайтынын да қоса кеткен. Дегенмен, Франция мен Германия шиеленіс аяқталғаннан кейін, онда өзінің әскерін орналастыруды көздеп отырған көрінеді. 

– Еуропалық мемлекеттер алдыңғы шепке шығады, олардың арасында Франция мен Германия бар және Ұлыбританиядан да болады. Олар өз әскерлерін орналастырғысы келеді, меніңше бұл соншалықты қиын іс емес, – деді АҚШ президенті.

"Зеленский мен Путиннің екі аптадан кейінгі кездесуі туралы жаңа ақпарат бар ма?" деген сауалға Америка басшысы қос ел көшбасшыларына екіжақты кездесу өткізу керегін ескерткен. 

Трамптың айтуынша, Ресей-Украина дағдарысы бойынша барлық шешімді Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің өзі қабылдайды. Оның басты себебі, АҚШ әскери әрекеттер жүріп жатқан жерден тым алыста орналасқан. 

– Мен олар керемет дос болып кетеді деп ойламаймын, дегенмен дұрыс істеп жатыр, ал біз тек сырттан бақылап тұрамыз, – деп сөзін жалғады ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу