Келісімге бойынша Жапония АҚШ-қа 550 миллиард доллар инвестиция салуға да келіскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ВВС-дің жазуынша, Дональд Трамп Американың Жапониямен сауда келісімін орнатқанын қуана мәлімдеген.
Осыған сәйкес жапондық тауарларға 15 пайыздық баж салығы енгізілетінін де жариялады. Ол бұған дейін келісім жүзеге аспаса, 1 тамыздан бастап Жапонияға 25 пайыздық баж салығын енгізетінін айтып қоқан-лоққы жасаған еді.
– Жаңа ғана Жапониямен үлкен мәміле жасадық, бұл тарихтағы ең үлкен келісім болуы мүмкін, – деп жазды Трамп қуанышы қойнына сыймай.
Оның сөзінше, бұл келісім аясында Жапония АҚШ-қа 550 млрд доллар инвестиция салмақ. Дональд Трамп АҚШ пайданың 90 пайызын алатынын ашық айтқан, десе де қосымша мәліметтер беріп өтпеді.
Ал Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба "Трамп жариялаған келісімге түсінік бермес бұрын оның егжей-тегжейін зерделеу керек" деп есептейді.
– Келіссөз қорытындыларын бағалауға келетін болсақ, біз келіссөз мен келісімнің егжей-тегжейлерін мұқият зерттемейінше, мен оны талқылай алмаймын, – деп жауап берген ол Токиода тілшілерге.