UFC Freedom 250 турнирі АҚШ-та, дәлірек айтқанда Ақ үй аумағында өтуі тиіс еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ESPN талап-арызды қоғамдық мүдделерді қорғаумен айналысатын Public Integrity Project ұйымы бергенін жазады. Олар "АҚШ Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық парктер қызметі федералдық заңнаманы бұзып, Ақ үйдің оңтүстік көгалында жеке спорттық шара өткізуге рұқсат берген" деп есептеп отыр.
Талапкерлердің пікірінше, турнирді ұйымдастыру үшін UFC октагонының уақытша құрылымын орнату жоспарланған. Десе де, мұндай жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсаттар мен қосымша келісімдер қажет. Сондай-ақ, арызда жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалайтын міндетті экологиялық сараптаманың жүргізілмегені де жазылған.
Ұйымның жетекші заңгері Брендан Баллоу "ұлттық маңызы бар нысанды жеке коммерциялық іс-шара үшін пайдалануды заң талаптарына қайшы" деп бағалап отыр. Осыған байланысты ол 7 маусым күні сотқа турнирді уақытша тоқтату жөнінде шұғыл өтініш берген. Сот аталған мәселе бойынша шешімді алдағы күндері шығаруы мүмкін.
Жаза кеткен жөн, UFC Freedom 250 турнирі 15 маусымға қараған түні Вашингтонда өтеді деп жоспарланған.
Бұған дейін Трамп туған күнінде UFC жұлдыздарын төбелестіретінін жаздық.