Трамп Украина билігін АҚШ-тың көмегіне алғыс айтпады деп айыптады

258

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамп Украина билігін АҚШ-тың көмегіне алғыс айтпады деп айыптады Фото: © AP Photo/ Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина билігі Вашингтон көрсетіп жатқан қолдауға алғыс айтпады деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маған ешқашан басталмауы тиіс, миллиондаған адамның өмірін жалмаған соғыс мұраға қалды. Украина билігі біздің күш-жігерімізге ешқандай алғыс та айтпады, ал Еуропа Ресейден мұнай сатып алуды жалғастырып келеді", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, АҚШ НАТО-ға Украинаға жіберу үшін көп көлемде қару-жарақ сатып жатыр. Ақ үй басшысы Дональд Трамп Джо Байденнің кезінде бәрін тегін таратты деп мәлімдеді.

"Бұл соғыс мен екінші рет рет президенттікке келмей тұрып басталды. Ол Джо Байденнің әкімшілігі тұсында басталып, одан кейін ушыға түсті. Ресей мен Украина арасындағы соғыс болмас еді. Бұл туралы менің бірінші мерзімімде сөз болмаған еді", – деді АҚШ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу