АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Украина президентіне қатысты мәлімдемесін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Лавров Зеленскийдің Украина – Ресей қақтығысын реттеуде қандай да бір құжаттарға қол қоюға заңды құқығы жоқ деп айтқан болатын.
Осы жағдайға байланысты АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтан түсініктеме беру сұралған. Алайда бұл сауалға Трамп өзі жауап берді.
"Стив жауап бере алады, бірақ мен де айта аламын. Олар не айтса да, бәрі де сылтау. Бұл – сандырақ", – деді Ақ үй басшысы.
Өз кезегінде Уиткофф Трамптың сөзімен келіскенін баса айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу