АҚШ президенті Дональд Трамптың "Жұлдыздар соғысы" фильміндегі Мандалорлық бейнесінде көрсеткен жазба пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақ үй 4 мамыр "Жұлдыздар соғысы" күніне орай Дональд Трамптың жасанды интеллект көмегімен жасалған жаңа бейнесін жариялады. Осы жолы Мандалорлық бейнесі таңдалды. Трамптың қолында АҚШ туы, жанында Baby Yoda атанып кеткен Грогу бар. Жазба астына "This is the way. May the 4th be with you" деген танымал тіркес жазылған.
Желі қолданушылары суретті қызу талқылап, оны сынай бастады. Мәселен, кейбірі суретте АҚШ туында 13 емес, 11 жолақ барын байқаған. Сондай-ақ мандалорлықтар өздерінің бет-жүзін көрсетпейтіні де атап өтілді.
Мандалорлықтар – "Жұлдыздар соғысы" әлеміндегі жауынгер халық. Олар қатаң тәртіпке бағынады, ерекше сауыт-сайманымен танымалдыққа ие. Әдетте олар дулығасын шешпейді. Негізгі ұраны – "Бұл жол". Бұл жазба саяси сынға да ұшырады. Кейбір қолданушылар поп-мәдениет символикасын АҚШ рәміздерімен ұштастыруды дұрыс емес деп отыр.