Трансфер құны таңғаларлық: “Астананың” сұрмергені Ресей чемпионатына кетті

563

Самаралықтар жаңа маусымда Чинедудан көп үміт күтеді. 

Трансфер құны таңғаларлық: “Астананың” сұрмергені Ресей чемпионатына кетті

"Астана" футбол клубы нигериялық шабуылшы Джеффри Чинедуды ресейлік "Крылья Советов" клубына сатты.  

Чинедудың қазақстандық клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусым айына дейін жасалған еді. Сондықтан ресейлік клуб елордалық командаға 540 мың еуро көлемінде өтемақы төледі. 

28 жастағы нигериялық шабуылшы өткен аптада өзіне жіберілген ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойып үлгерген. Самаралық клуб Чинедуды команданың шабуыл шебін күшейтетін басты ойыншы ретінде көріп отыр.

Айта кетейік, Чинеду "Астана" сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында шабуылшы 54 матч өткізіп, 27 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу