Трансфер жабылды. Кім қай командаға ауысты?

3086

31 шілде күні Қазақстанда жазғы трансфер ауыс түйіс кезеңі аяқталады. Жазда командалар нендей өзгерістер жасады?

Трансфер жабылды. Кім қай командаға ауысты?

Осының барлығын күнделікті шығып жатқан ақпараттар арқылы шолып, сараптама жасап, назарларыңызға ұсынамыз.

Сонымен Қазақстан премьер-лигасының футбол трансфері жабылды. Жазғы ауыс-түйіс есігі айқара ашылып, біршама ойыншылар өзге командаларға ауысып үлгерді. Ендеше солардың біршамасына тоқталып өтсек.

"Тобыл" шабуылшы Михаил Гордейчукпен келісімін үзді. Қазақстанда легионер болып саналмайтын бұл ойыншы 20 матчта 3 гол салды. Оның енді қайда ойнайтыны әлі белгісіз.

Көкшетаудың "Оқжетпесі" қорғаушы Родерик Миллермен қош айтысты. Панамалық легионер клуб құрылымында 7 ай еңбек етті. Ол сол уақыт ішінде небәрі 4 ойында ғана алаңға шықты. Десе де, "Оқжетпес" жартылай қорғанысқа Иван Бобко деген жас ойынщыны алдыртты. Бұл ойыншы Еуропа лигасында өнер көрсеткен тәжірибиесі бар. Сонымен қатар ол "Астана" бас бапкері Роман Григорчукпен бірге қызметтес болған. Ол украинаның "Черноморец" командасында өнер көрсеткен.

Павлодардың "Ертісі" Түркменістан құрамасының шабуылшысы Русан Минғазовпен келісімге келді. Ойыншы 27-жаста. Оның соңғы командасы чехияның "Пришибрам" командасы болған. Ол өзінің командасында көшбасшы болған және мамандардың бағалауы бойынша Түркменстадағы ең қымбат футболшы. "Ертіс" сапынан бразилиялық легиолнер Рейналдо Сильва кетіп қалғаны белгілі болды. Ойыншы жанұя мәселесіне байланысты клуб құрамынан кеткені расталды.

"Тараз" трансфер базарының соңғы күні үш ойыншымен толықты. "Ақтөбе" сапында алаңға шыға алмай жүрген Александр Симчевич "Таразға" ауысты. Тәжірибиелі қорғаушы біршама уақыт ойын тәжірибисін ала алмай тек жаттығу жасаған. Дегенмен, "Тараз" командасында ол осы мәселені ретке келтіремін дейді. Сонымен қатар жамбылдық командаға шабуыл шебін күшейтіп Павел Шабалин мен Самат Сәрсенов келді.

"Атырау" Камерун елінің жартылай қорғаушысы Жак Нгвемамен келісім шарт жасасты. Клуб басшылығы оны команданы күшейтеді деп шақырты. Себебі, "Атыраудың" қазіргі мақсаты премьер лигадан шығып қалмау және Қазақстан кубогын жеңу. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу