Тур де Франс. 12-кезең. Луис Леон Санчес көшбасшы топта, Уго Уль финалда жетінші

1253

"Астана Про Тим" командасы "Тур де Франстың" 12-кезеңін белсенді өткізді. Луис Леон Санчес көшбасшы топ арасында болса, ал Алексей Луценко мен Уго Уль финалға жеткенде шабуылға шықты. Нәтижесінде Уго Уль алдыңғы шепте қалып, кезең жеңімпазынан кейін, мәреге 7-болып келді. 

Тур де Франс. 12-кезең. Луис Леон Санчес көшбасшы топта, Уго Уль финалда жетінші

"Финалда өте қиын болды. Жарыстың ең мықты шабандоздарымен алдыңғы қатарда болғаныма ризамын. Ең алдымен Алексей Луценкомен бірге шабуылдап, жақсы топқа барып қосылдық. Соңғы асуда өте жылдам жүре бастадық. Бірақ мен көшбасшылардың соыңнан ілесіп отырдым. Шыңға жеткенде көшбасшыларды қуып жеттім. Біраз уақыт барлығымыз бір топта жақсы жүріп келе жаттық. Алайда кейбір командалардан бірнеше шабандоз болғандықтан, олар бірінен-соң бірі шабуылдап, тобымыз тарқап кетті. Финишке 2 шақырым қалғанда шабуылға шықтым. Бірақ мәреге 500 метр қалғанда мені қарсыластарым қуып жетті. Спринтте бар күшімді салуға тырыстым. Нәтижесінде жарысты 7-болып аяқтадым. Аяқтарым жақсы жұмыс жасады. Жеңіске жетуге талпынып көрдім. Сол себепті бүгінгі кезеңге көңілім толады. Бүгінгі күн мен үшін ерекше болды. Себебі "Тур де Франста" ең мықты шабандоздармен алдыңғы қатарды болдым. Егер былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, биыл менің біраз алға жылжығаным байқалады. 7-орын да жаман емес. Ал келесі жолы көрсеткішімді бұдан да жақстаруға тырысамын", - деді Уго Уль.

12-кезең биылғы "Тур де Франстағы" ең ұзақ кезең болды. Пелотон Шавиньидан Сарранға дейін 218 шақырым жолды жүріп өтті. Толассыз шабуылдардан соң шабандоздар алға озды. Олардың ішінде "Астана Про Тим" өкілі  Луис Леон Санчес бар болатын. Ол жарысты жақсы өткізді. Көшбасшы топта көп жұмыс атқарды. Бірақ пелотон олардың тобын ұзақ уақыт бойы алға жібермеді. Екі топтың уақыт айырмашылығы небәрі 2-2.5 минуттай ғана болды. Шамамен финишке 4 шақырымдай қалғанда пелотон көшбасшы топты қуып жетті.

"Бүгінгі кезеңде көшбасшы топта болған шабандоздардың жеңіске жетуге деген мүмкіндігі жоғары болды. Себебі біздің де жоспарымызда шабандозымызды алдыңғы қатарға қосу болатын. Кезеңді көшбасшы топта өткізуге дайын болдым. Мүмкіндік пайда болған сәтте бірден шабуылға шықтым. Нәтижесінде біз шағын топ құрдық және пелотон біздің ізімізге түсті. Негізгі топтың бізден айырмашылығы небәрі 2 минуттай ғана болды. Сол себепті бүгін қандай да бір жетістікке жету мүмкін болмады. Дегенмен, өзімді жақсы сезіндім. Бәлкім келесі кезеңдерде тағы да мүмкіндіктер болып жатар" - деді  Луис Леон Санчес.

Пелотон көшбасшыларды қуып жеткеннен кейін жаңа топ құрылып, олар алға озды. Шабуылға шыққандардың арасында Алексей Луценко мен Уго Уль бар болатын. Сол топта болған тағы бір шабандоз Марк Хирши еді. Ол жекелей шабуылға шығып, жеңіс тойын тойлады. Уль финишке 2 шақырым қалғанда қайта шабуылдағанымен, оны басқа шабандоздар мәреге 500 метр қалғанда қуып жетті. Дегенмен "Астана Про Тим" велесебедшісі қарсыластарына берілмей, кезең жеңімпазынан 52 секундтан соң мәреге 7-болып келді.

Сары жейде иегерінің тобы жарыстың басқа да фавориттерімен бірге, кезең жеңімпазынан 2.5 минуттан кейін келді. "Астана Про Тим" капитаны Мигель Анхель Лопес сол топта Алексей Луценко, Горкой Исагирре және Омаром Фраилелермен бірге кезеңді аяқтады.

Бүгінгі сайыстың қорытындысы жалпы есепке ешқандай өзгеріс алып келген жоқ. Примож Роглич бұрынғысынша сары жейдеде, ал көшбасшыдан 1.15 секунд уақыт артта келе жатқан Мигель Анхель Лопес 9-орында тұр.

Бүгін "Тур де Франстың" 13-кезеңі Шатель-Гуйон – Па де Пейроль жарыс бағыты бойынша өтеді. Жалпы кезеңнің ұзақтығы 191.5 шақырымды құрайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу