Тур де Франс. 14 кезең. Биік таулар алдындағы жылдам жарыс

1457

"Тур де Франс" пелотоны 14-кезеңде Клермон-Ферранадан Лионға дейін (194 км) жүріп өтті.

Тур де Франс. 14 кезең. Биік таулар алдындағы жылдам жарыс

Даниялық шабандоз Сорен Краг Андерсеннің шабуылы оған жеңіс әкелді. Ал 15 секундтан кейін екінші орынды Лука Мезгец иеленді. "Астана Про Тим" шабандозы Уго Уль 14-келсе, Мигель Анхель Лопес мәреге Горка Исагирре, Луис Леон Санчес және Омар Фраилелермен бірге келді.

- Бастапқыда көбісі осы кезеңді өтпелі жарыс деп ойлады. Бірақ іс жүзінде ондай болмады. Кезең өте ауыр өтті. Жарыс күні өте жоғарғы жылдамдықпен өрілді. Финалда бізбен бірге небәрі 50 шабандоз ғана келді. Демек, пелотон өте қызық сұрыпталды деген сөз. Біз өз кезегімізде биіктікке шығысымен бар назарды салып, топтан шығып қалмауды ойластырдық. Ең бастысы қақтығысқа түспей, мәреге жету еді. Енді алдымызда биік тауларда өтетін жарыстар бар. Сол кезде шабуылға шығып, барымызды саламыз, - деді Мигель Анхель Лопес.

Барлық мықты шабандоз біркелкі келгендіктен, жалпы есепте еш өзгеріс орын алмады. Примож Роглич әлі де сары жейдеде. Словениялыққа 1 минут, 31 секунд жеңіліп келе жатқан Мигель Анхель Лопес әзірге 6 орында.

"Тур де Франс" ертеңгі 15-кезең барысында биік асуларды басып өтеді. Қатысушылар Лионнан бастап 174,5 шақырым жүріп отырып Коломбье (17.7 км, 7.1%) тауына дейін жетеді. Сонымен бірге пелотон бұл тауға дейін Монте де ла Сель де Фроменталь (1-санат, 11.5 км, 8.1%) және Коль де ла Биш (1-санат, 6.9%, 8.7%) деп аталатын екі ірі белесті бағындыруы тиіс.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу