"Тұран" және өзге клубтардың тағдыры қыл үстінде

311

Түркістан футболы тығырыққа тірелді. Өңірдегі бірнеше клубтың тарауы мүмкін екені туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды.   

"Тұран" және өзге клубтардың тағдыры қыл үстінде Фото: gov.kz

Бұл шешім, алдын ала болжам бойынша, облыстың басты командасы саналатын "Тұранды" қаржылық дағдарыстан құтқаруға бағытталған. Алайда бұл "құтқару" кім үшін, не үшін және ең бастысы – қандай бағамен жүзеге аспақ?

Маусым басында үлкен үмітпен алаңға шыққан түркістандық ұжым алғашқы турларда сенімді ойынымен көзге түскен еді. Бірақ соңғы кездері команданың бағы тайды. Қатарынан 4 матчта бірде-бір ұпай ала алмауы, ішкі мәселелердің бетке шыға бастағанының айқын белгісі сияқты.

Егер мәселе расында да "Тұранды" сақтап қалу болса – онда бұл шешім тек қаржылық емес, жанкүйерлік, адами тұрғыдан әділетті болуы тиіс.

Әйтпесе, "бір команданы аман алып қаламыз" деген сылтаумен бүтін бір футбол инфрақұрылымынан айрылып қалуымыз әбден мүмкін. Ал нақты шешімді уақыт көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу