Түркістандық "Тұран" ресми түрде қазақстандық миллиардер әрі кәсіпкер Дінмұхамед Идрисовтың иелігіне өтті.
20 наурызда өткен аукционда клуб 734 миллион теңгеге сатылымға шығарылды. Бұған дейін де аукцион өткізілген. 2025 жылғы 30 желтоқсанда клубты 1,01 миллион теңгеге сатпақ болған. Алайда ол кезде сатып алушы табылмаған.
Нәтижесінде кейінірек Идрисов клубты 1,1 миллион теңгеге сатып алды.
Жаңа маусымда жекеменшік клубқа айналған "Тұран" Қазақстанның Бірінші лигасында табысты өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасы жолдама алуға таласады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу