"Тұранның" тығырықтан шығар түрі жоқ

370

Қаржылық қиындықтарға топ болған түркістандық клубтың әбден берекесі қашты.

"Тұранның" тығырықтан шығар түрі жоқ Фото: "Тұран" ФК

Бас бапкер Виталий Жуковский бастаған бапкерлік құрамның артынан команданың біраз футболшысы кетіп қалғаны мәлім. Енді клуб басшылығы амал жоқ, команданы қайта жасақтауға тырысуда. Өкінішке қарай, түркістандықтардан ендігіде тәуір нәтиже күту мүмін емес. Себебі, команданың трансферлері көңілден шығып тұрған жоқ.

Мәселен, бүгінгі біздің инсайдымыз, Мирам Сапановтың команданы күшейтуі екіталай. Қырыққа таяп, жақсы күндері артта қалған ардагердің кәсіби футболдағы соңғы маусымдарын өткізіп жатқаны түсінікті. Енді осындай футболшыларға арқа сүйеген түркістандықтардың халі не болмақ?

Салы суға кеткен түркістандық ұжымның сапын тағы бір жаңа футболшы толықтырғаны туралы ақпарат жетті. "Тұран" жейдесін 23 жастағы жартылай қорғаушы Шадман Бакиров киетін болыпты.

Маусымды Бірінші лигадағы "Екібастұзда" бастаған футболшы 10 ойында 4 рет мергендік танытқан. Жалпы, Шадман Бакировтың жоғары дивизионда ауыз толтырып айтатындай тәжірибесі жоқ. Жалпы, бұл оның ҚПЛ-дегі алғашқы ұжымы болайын деп тұр. Осыған дейін тек Екінші және Бірінші лигада ойнайтын "SD Family", "Мақтаарал", "Арыс" секілді командаларда өнер көрсеткен екен. Енді осындай ойыншыны да дәл қазіргідей ауыр жағдайдағы "Тұранды" тығырықтан шығарады дегенге сену қиын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу