Түркі мемлекеттері ғарышты бірлесіп бағындыруы мүмкін

707

"CubeSat-12U" ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығы туралы айтылды. 

Түркі мемлекеттері ғарышты бірлесіп бағындыруы мүмкін Фото: canva

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн. Екінші мәселе. Ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет. Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады. Мысалы, "CubeSat-12U" ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығын атап өтуге болады", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу