Түркістан облысында мал бордақылайтын кешен салынып жатыр

216

Инвестицияның жалпы көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды.  

Түркістан облысында мал бордақылайтын кешен салынып жатыр Фото: gov.kz

Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған және жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаның инвесторы – "BEK-AGRO" шаруа қожалығы.

Жоба аясында бір мезетте 10 мың басқа дейін ірі қара малды ұстап, бордақылауға мүмкіндік беретін заманауи өндірістік кешен салу көзделген. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет өнімін өндіруге жетеді.

Өндірілетін өнім ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етумен қатар, экспорттық жеткізілімдерді дамытуға да бағытталатын болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы және нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу