Жарыс Дүниежүзілік "Көкпар" қауымдастығының ережелері бойынша және осы ұйым іріктеген төрешілер құрамының қатысуымен өтеді. Чемпионатқа 10 елдің спортшылары қатысады деп күтілуде. Жарыста тек ұлттық құрама командалар бақ сынайды.
Қазақстан атынан ел намысын Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы), Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы), Асылжан Мамыт (Түркістан облысы), Нұрислам Төлеп (Түркістан облысы) қорғайды.
Көкпардан алғашқы әлем чемпионаты 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен болатын. Сол жарыста Қазақстан құрамасы чемпион атанған еді.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 30 000 000 теңгені құрайды.