Түркістандық "Тұран" футбол клубы жекеменшікке беріледі

146

Жекешелендіру клубтың дамуына және өңірдегі футбол саласының өсуіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Түркістандық "Тұран" футбол клубы жекеменшікке беріледі Фото: Тұран ФК

Түркістан облысында кәсіби "Тұран" футбол клубын жекешелендіру аясында инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы арнайы іс-шаралар жоспары әзірленгенін және клубты бәсекелі ортаға беру процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер жақын арада қорытындыланып, нақты инвестор анықталатын болады. Қызығушылық танытқан үміткерлер қатарында FlyArystan компаниясы да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу