Түркістандық "Тұран" клубының бапкерлік штабы отставкаға кетті

267

Басты себеп қаржы мәселесі болуы мүмкін.

Түркістандық "Тұран" клубының бапкерлік штабы отставкаға кетті Фото: Жеке парақшасынан

"Тұранның" бүкіл жаттықтырушылар құрамы отставкаға кету туралы өтініш жазды. "Жеңіс" командасымен өтетін матчқа бірде-бір легионер шықпайды.

Сонымен қатар, "Тұранның" сапынан бірнеше жас әрі болашағы зор қазақстандық ойыншылар кетеді.

Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турындағы "Тұран" мен елордалық "Жеңіс" арасындағы матч бүгін, 14 маусым сағат 20:00-де Түркістанда өтуі тиіс.

Айта кетейік, қазіргі таңда "Тұран" футбол клубы 11 ұпаймен турнирлік кестеде 9 орында келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу