Түркістандықтар атаулы әлеуметтік көмек алуда делдалдарға жем болып отыр

2692

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек бойынша арыз-шағым көп.

Түркістандықтар атаулы әлеуметтік көмек алуда делдалдарға жем болып отыр

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжановтың мәліметінше, бұл бағытқа жалпы 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған. Әкімдік қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тағы да Жетісайда - 1 000 отбасы, Мақтааралдан 500 отбасы құжат өткізіп, күтіп отыр. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі есеге өскен.

Десе де, атаулы әлеуметтік көмек бойынша ауданда арыз-шағым көбейіпті. Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізерде делдалдар қызметін ұсынып, белгілі бір сома сұрағанын айтып шағымданған. Осы орайда, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев атаулы әлеуметтік көмек айналасындағы заңсыздықтарға тоқталып:

"Халық мемлекет тағайындаған заңды ақшасын алу үшін де делдалдарға жем болып отыр. Әлеуметтік көмек нағыз мұқтаж жандарға жетуі тиіс. Бұл келеңсіздікті тоқтату қажет. Ажырасу көрсеткішінің ауылды жерлерде күрт өсуі де, қазақ халқы үшін үлкен қасірет. Біз отбасы институтын жетілдіруіміз керек. Отбасында береке орнамаса, елде береке болмайды. Партия атаулы әлеуметтік көмектің айналасында қалыптасқан олқылықтарды жою жолдарын қарастырып, тиімді шешімге жұмыс істейтін болады", – деді.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу