Түркияның энергетика министрі Алпарслан Байрактардың мәлімдеуінше, ел билігі "Аккую" атом электр станциясының (АЭС) алғашқы энергоблогын 2026 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
"Бастапқыда биыл аяқтауды мақсат еткенбіз. Дегенмен, бірқатар сыртқы факторларға байланысты алғашқы энергоблокты 2026 жылы іске қосамыз деп үміттенеміз. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр", – деді Байрактар мемлекеттік Anadolu агенттігіне берген сұхбатында.
Министр жобаға еуропалық Siemens компаниясының жабдық жеткізуден бас тартуы сияқты сыртқы әсерлер кедергі болғанын атап өтті.
Сонымен қатар, "Росатомның" "Аккую" АЭС-індегі 49% үлесін шетелдік немесе түркиялық компанияларға сату жөніндегі келіссөздері жайлы да пікір білдірді.
Оның айтуынша, бұл – алдын ала жоспарланған табиғи үдеріс, болашақ инвестор мемлекеттік те, жеке де компания болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, "Аккую" – Түркиядағы алғашқы атом электр станциясы, оны Ресейдің "Росатомның" корпорациясы салып жатыр. Станция 4 энергоблоктан тұрады, әрқайсысының қуаттылығы – 1200 мегаватт.