Түркия Қара теңізден жаңа мұнай кен орнын анықтады

195

Бұл туралы AZƏRTAC хабарлады.

Түркия Қара теңізден жаңа мұнай кен орнын анықтады Фото: canva

Түркияның мемлекеттік мұнай компаниясы Turkish Petroleum (TPAO) Қара теңіздегі жаңа мұнай кен орнын игеруге лицензия беру туралы уәкілетті органдарға өтініш берді.

Тиісті құжат 25 қыркүйекте Түркия үкіметінің ресми басылымы – Resmi Gazete-де жарияланды.

Жаңа кен орны Қара теңіздегі шекараны межелеу жөніндегі екіжақты келісімдерге сәйкес Түркияның теңіздегі юрисдикциясына жататын айрықша экономикалық аймақтағы континенттік қайраңда анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу